«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ » Жалғызағаш орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Жалғызағаш орта мектебі
мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
15
май
2018

«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ  «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты ата-аналар жиналысының

ХАТТАМАСЫ


«15» мамыр 2018 жыл                                                              Қатысқаны: ата-ана - 100

                                                                                  ауыл әкімі, 32- педагог.   


Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

Ата-ана  жиналысындағы күн тәртібінің  мәселелері:

1) «Жыл табысы»: мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;

2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары; 

4) оқу процесін цифрландыру;

5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.


Алғы сөз: мектеп директоры А.Б.Мейрбеков.

Құрметті ата-аналар, ауыл әкімі А.И.Сарсимбеков мырза, әріптестер!

Бүгінгі «15» мамыр отбасы күні мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты

ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғыртудың бағыттары еліміздің ертеңін айқындаумен қатар, әрбір отбасын «қоғамның ұясы» ретінде маңызды екенін ескеріп отыр.Отбасының арқасында  еліміз нығайып, «Адами капиталды» дамып, ілгерілеуде.Бүгінгі жиын отбасы мен мектептің өзара қатынасын демеп, болашақ жастардың халықтан алар әлеуетін нығайтатынына кәміл сенеміз! 



  1. Мектептің  білім беру жүйесінің жетістіктері.


Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу-ісі орынбасары Занигинова Д.К. сөз алып, мектеп жетістіктерімен таныстырып өтті:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына және «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер-егемендігімізің берік негізі» атты V  Республикалық жастар форумы аясында өткізілген үздік өлеңдер шығарма байқауында I  орын иегері атанып арнайы диплом және 100000 теңге сертификатпен марапатталған. 

Облыстық «Дарын» ғылыми жобалар конкурсында қазақ әдебиеті секциясы бойынша II орын алғаны 11ә сынып  оқушысы Амуртаев Елдар II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық Кіші ғылыми жоба жұмысына технология және информатика пәндері бойынша  қатысқан  8- сынып оқушылары Өркенұлы Мейірбан,  Жұмабай Мадина грамота және алғыс хатпен марапатталды. 

Аудандық  «І. Жансүгіров» оқулары 10-сынып оқушысы Қайрат Гүлзайра ІІ орын, «Абай-Шәкәрім оқулары» 8-сынып  оқушысы  Әділхан Аягөз алғыс хат, «М.Мақатаев оқулары» 8-сынып оқушысы Алдиярбек Сымбат алғыс хатпен марапатталды. «Мемлекеттік қызмет – ұлт мүддесіне адал еңбек» атты аудандық эссе байқауында 8-сынып оқушысы Өркенұлы Мейірбан ІІІ орын алды. Пән мұғалімдері: Асылбек Б.  

Аудандық  «Пушкинское чтение» оқуларына10 сынып оқушысы Қайрат Гүлзайра  қатысып, дипломмен  марапатталды.  Жетекшісі  Б.С.Асанова  

Аудандық пән олимпиадасындағы жетістіктер:

9-сынып оқушысы Дәулетқан Салауат физика пәнінен 3- орын;

 8-сынып оқушысы Құспан Ерасыл математика пәнінен 3- орын;

9- сынып оқушысы  Нұрғалиұлы Қуаныш математика пәнінен 3-орын;

11-сынып оқушысы Сембекова Мадина математика пәнінен 3-орын; 

8-сынып оқушысы Ердосан Нұрай биология пәнінен 1- орын; 

8-сынып оқушысы Бейсенғали Меруерт 2-орын;

10-сынып оқушысы Аяпбергенова Назерке 3- орын; 

8-сынып оқушысы   Құрмаш Гүлнұр химия пәнінен 3-орын; 

11 сынып оқушысы Құсайынбек Айсымбат 3-орын;

10-сынып оқушысы Қайрат Гүлзайра 3-орын;

11-сынып оқушысы Жұмаш Құралай 2-орын.

Аудандандық «Тарихы терең қазыналы өлке» атты тақырыбында өткен өлкетанулық  ғылыми-практикалық конференияда:   

9- сынып оқушысы   Айтбек Аян  химия пәнінен 3-орын; 

10- сынып оқушысы Қайрат Гүлзайра география пәнінен 3-орын ;

8 сынып оқушысы Өркен Мейірбан 3-орын. 

9- сынып оқушылары Нұрғалиұлы Қуаныш, Дүйсетаев Ділмұхамед,

11-сынып оқушысы Сұлтанова Ажар  алғыс хатпен марапатталды.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 12 сәуір күні 4,9 сыныптарда оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізіліп, 4 сыныптар 20 пайыздан -18%, 9 сыныптар 60 пайыздан - 28% көрсетті.Аудандық  «Зерде » ғылыми жоба жұмысында 4 «А» сынып оқушысы Рахимбекова Жанель   2 орынға ие болды. 

Ауданыдық  Абай оқуына 4 «А» сынып оқушысы Адалбекқызы Кәусар қатысып жүлделі   2 орынға ие болды. сынып жетекшісі Оспанова М.Ж.Бірінші республикалық «Жас дарын» конкурсына  6 «А» сынып оқушысы Жұман Дина  қатысып 2 -орынға ие болды. Жетекшісі Карибаева М.Т.

Бапов Темірлан аудандық « Педогогикалық дебют» байқауында ІІІ орын. «Interpress» жаңа кітап топтамасына қатысты. 

Облыстық педагогикалық оқуларға қазақ тілі пән мұғалімі  Асылбек Бақнұр мақаласы облыстық жинаққа шықты.                        


  1. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру.

Екінші сұраққа байланысты директордың тәрбие ісі орынбасары Р.Е.Алмабаева сөз алды: 

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады дей келе, 2017-2018 оқу жылында кіші бағдарламаны іске асыру шеңберінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша 6 бағытты қамту мақсатына біршама жұмыстар жүргізілгенін атады. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты ашық тәрбие сабақтары өткізілсе, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Атамекен елім, киелі, қасиетті жерім» ауыл маңындағы киелі жерлер мен ескерткіштеге саяхат ұйымдастырылды және «Тарихы терең қазыналы өлке», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты аудандық ғылыми конференцияларға оқушылар қатысып, жүлделі орныдарға ие болды. 

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына байланысты бейне роликті ата-аналар қауымына көрсетіп, тәрбиенің негізі отбасы екенін негіздей отыра, ата-аналарды ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды. 


  1. 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау. Оқу жылының қорытындылары 

Үшінші сұраққа байланысты оқу-ісі орынбасары Д.К.Занигинова сөз алып,ата-аналарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларымен таныстырды.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында  2017-2018 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері айқындалды:

1) меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағынышты орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары - 2018 жылғы 25 мамыр;

2)  9 (10) сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары - 2018 жылғы 28 мамырдан бастап 8 маусымды қоса алғанда, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2018 жылғы 29 мамырдан бастап 30 маусымды қоса алғанда.

9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:

1) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстанның тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша ауызша емтихан - 2018 жылғы 28 мамыр;

2) қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан - 2018 жылғы 31 мамыр;

3) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан (диктант) - 2018 жылғы 5 маусым;

4) математика бойынша жазбаша емтихан - 2018 жылғы 8 маусым.

11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 2018 жылғы 29 мамыр;

2) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;

3) қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу - 2018 жылғы 2 маусым;

4) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 2018 жылғы 6 маусым;

5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2018 жылғы 9 маусым.

Білім алушылардың қайталама қорытынды аттестаттауы 2018 жылғы 12-30 маусым аралығында өткізіледі.

2017-2018 оқу жылының қорытындылары,сыныптар бойынша білім сапасы:

1 сыныпта  білім сапасы 66,6 %, 11 оқу үздігі мен 11 оқу екпінділері бар. 

2 сыныпта  білім сапасы 72 %, 6 оқу үздігі мен 7 оқу екпінділері бар. 

3 сыныптарда білім сапасы  69 %, 8 оқу үздігі мен 12 оқу екпінділері бар.

4 сыныптарда білім сапасы  72 %, 13 оқу үздігі мен 10 оқу екпінділері бар.

5 сыныпта білім сапасы  61 %, 3 оқу үздігі мен 11 оқу екпінділері бар.

6 сыныптарда білім сапасы  70 %, 6 оқу үздігі мен 15 оқу екпінділері бар.

7 сыныпта  білім сапасы  58,3 %, 3 оқу үздігі, 4 оқу екпінділері бар.

8 сыныпта білім сапасы  43,4 %, 2 оқу үздігі мен 8 оқу екпінділері бар.

9 сыныпта білім сапасы  62 %, 5 оқу үздігі мен 11 оқу екпінділері бар.

10 сыныптарда білім сапасы  100 %, 1оқу үздігі мен 1 оқу екпінділері бар.

11 сыныпта білім сапасы  76 %,  6 оқу үздігі мен 14 оқу екпіндісі бар.

11 сыныпта 3 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне ұсынылған.

Жалпы мектеп бойынша оқу жылы аяғында 253 білім алушы, білім сапасы 64,3%.

ҰБТ бойынша бейне роликтер көрсетілді.


  1. Оқу процесін цифрландыру

Төртінші сұраққа байланысты мектеп директоры А.Б.Мейрбеков сөз алып,оқу-тәрбиелік процесті цифрландыру, 2018-2019 оқу жылына робот техникасы кабинеті мен үйірмелерін ашу бойынша мектеп жоспарларымен ата-аналарды таныстырып өтті. 

Аталған тақырып бойынша бейне роликтерді көрсету.

Оқу процесін цифрландыру шеңберінде ІТ құзыреттерін,  3D-принтингті, робот техникалары мен бағдарламалаудың маңызды тілдерін ескере отырып, 5-11 сыныптар үшін «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны қайта қаралып,«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдарламалау тілдерін зерттеудің қолданбалы бағыттылығын тереңдету, «қарапайымнан күрделіге» қағидаттарын және сабақтастықты сақтау,  компьютерлік желілер және эргономика бойынша нақтыланған тақырыптарды қосу. Жалпы  алғанда, «Информатика» пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын қайта қарау мектеп оқушыларында жаңа және сұранысқа ие болған АКТ дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мектепте  робот техникасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан Қойбағаров Б.А.өтті.

5. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі

Бесінші сұраққа байланысты директордың тәрбие ісі орынбасары Р.Е.Алмабаева сөз алды: 

 Ата-аналарды «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстыру. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығымен толықтырулар енгізілгені жайлы таныстырып өтті.

 2017-2018 оқу жылындағы ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл бойынша мектептің қызметімен таныстыра келе, қамқоршылық кеңес жалпы 2017 жылдың 02 қыркүйегінен бастап қызмет атқарып келгенін айтты. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің төрайымы Бектенова Динара және жеті мүшеден тұратынын атап өтті.Аталған кеңес «Мектепке жол» акциясы аясында 15.08-05.09.2017 жылы көп балалы, толық емес, аз қамтылған жанұядан шыққан оқушыларға жиналған оқу-құралдары мен киім-кешектерді әлеуметтік жағдайларына байланысты үлестірді.Осындай іс-шара 10.01-15.01.2018 жылы «Қамқорлық» атты қайырымдылық шеруде ұйымдастырылды. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы Бектенова Динара сөз алып, оқу жылы барысында кеңес мүшелері жаппай жұмыс атқарғанын және жалпы мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруда демеушілік көрсеткенін атап өтті.Мектептің жарғысына өзгерістер енгізуде білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныс жасағандарын айта келе, мектеп директорының есептерін негізге ала отырды.


Ата-аналар жиналысының шешімі:

1) Мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері қанағаттанарлық деп танылсын.Білім беру сапасын жоғарлату үшін ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс үдеттірілсін. 

2) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда өткізілген іс-шаралар қанағаттандырарлық деп танылсын.

3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары берілген талаптарға сай өз деңгейінде өткізілсін. 

4) оқу процесін цифрландыру қолға алынсын.

5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналар тығыз байланыста жұмыс атқарсын.


Мектеп директоры                 А.Б.Мейрбеков


Ата-ана комитеті                      Г.А. Смагулова


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
WilliamRon
9 декабря 2019 15:43
Хорошике квартиры тут


жк афродита мытищи отзывы форум свежие фотографии

Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания


жк афродита отзывы жильцов 2018

Посмотреть тв можно и бесплатно


жк афродита 17 корпус


Не проходим мимо!


афродита жилой комплекс мытищи официальный сайт 1 в усть каменогорске

На выбор вам вот еще


афродита жк пироговский

На этом все господа


жк афродита цены на квартиры

Здесь можно выбрать квартиру


афродита мытищи официальный сайт отзывы

Ссылочку на сайт с квартирами оставлю тут


афродита мытищи отзывы 5 лучших моделей

Мы здесь пишем


жк афродита мытищи официальный сайт цены на квартиры

Ну и в догоночку еще посмотрите


жк афродита официальный сайт цены