мектеп тарихы » Жалғызағаш орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Жалғызағаш орта мектебі
мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2018

мектеп тарихы

 

Жалғызағаш ауылдық округі аймағындағы Жалғызағаш,Биғаш ауылдарының тарихы тереңде жатыр. Ол сонау XIX ғасырдың 70-ші жылдарынан бері кең тамыр жайып келеді. Жергілікті қазақтар болса бұл жерге бұрыннан қоныстанған. Олар Ақпас,Теректі,Талды,Садырбай саз,Қареке,Қаратас мекендерінде мал өсіріп,өмір сүрген.

           Ауылдың алғашында аты да болған жоқ. Сол кезде ауыл ортасында бір аумақты ағаш болатын. Қазақтар таудан етекке түсерде «Жалғызағаш өсірп тұрған ауылға бара жатырмыз» деп айтатын. Содан ол «Жалғызағаш» атанып кетеді. 1912 жылы екі кластық діни мектеп жұмыс ісейді. Ондай құдай заңы,грамматика және есептеу сабақтары жүргізіледі. Бұл мекетепке әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық балалар қабылданып отырды. Кейін,1920 жылы,бастауыш мектеп ашылды. Оның негізін жер аударылған революционерлер қалады. Өкінішке орай оның аты-жөні сақталмаған.

Кейіннен төрт кластық жаңа мектеп салынды. Оның алғашқы меңгерушісі және мұғалімі Павел Инокентьевич Кромер болды.

           Осы кезде алғашқы кітапхана ашылды. Кітапханашы болып И.А. Коротков істеді. 1945 жылы бастауыш мектеп жетіжылдыққа көшірілді. Мұнан бұрын ол интернат болатын. Оның мұғалімі Тұрарбек Диханбаев болды. 1950 жылдары жаңа үйлер, жетіжылдық мектеп салынды. Сол жылдары мектепті Лонгинов Леонид Александрович басқарды Адамдар ынта-жігермен еңбек етіп,жоспарларын артығымен орындап отырды.

1962 жылы мектеп директоры болып Сүлейменов Дәулет Сүлейменұлы тағайындалды. 1955-1957 жылдары мектепке Қайыпбай Шалабаев басшылық етті.

1971-1989 жылдары Боранбаев Қабдолла Несіпбайұлы –Қазақстан респуликасының білім беру ісінің үздігі басқарды.

1989-1995 жылдары аралығында мектепке Садықова Клара Асқарқызы басшылық етті.

1995-2004 жылдар аралығында мектепті Ахметов Марат Ажболатұлы басқарды.

2004-2005 оқу жылының 1 қыркүйегінен 5 қазанға дейін мектепті Имандосов Бақыт Досмұханұлы 1 ай басшылық етті.

2004-2005 оқу жылынан 2012-2013 оқү жылына дейін мектепті Нұрмыханова Алма Мұқанғалиқызы басқарды. 2012-2013 оқу жылының Желтоқсан айынан бастап мектепті Бектуров Мұрат Мұхтарұлы басқарып келеді.   

            Білім беру үрдісінде әлемдік деңгейге жету, көнерген стандарттан жаңа үлгідегі жетілдірілген оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, тиянақты білім көрсеткішіне жету мақсаты тұрды. Бұл мақсатты жүзеге асыру мақсатында мектеп ұжымы Ескелді аудандық білім бөлімі арқылы Алматы облыстық мұғалімдер кәсібін дамыту институтымен байланысып, «Нәтижеге бағытталған білім беруде тұлғалар қызметін ұйымдастыру» тақырыбында 2007-2010 оқу жылдары аралығында эксперименттік жұмыс жүргізіп, жаңа технология әдісі кеңінен насихатталса, 2010-2013 оқу жылдарында «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбында эксперимент жүргізілді. Ондағы басты мақсат жеке тұлғаны, яғни оқушыларды құзыреттілік құндылықтарына баулый отырып, білім сапасын арттыру.2013-2014 оқу жылынан эксперимент жобасы жаңа тақырыпта жалғасуда. 

            Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене шынықтыру, спортпен айналысуына да қолайлы жағдай жасалған.

                        Оқу жылының басында оқушылар жаңа, таза кабинеттерде оқу мүмкіндігіне ие болды. 2009 жылдың 1 желтоқсанында 3 пен 5 жас аралығындағы сәбилерге арналып мектепке дейінгі шағын орталық ашылды.

            2013-2014 оқу жылы мектепте 258 оқушы о
 
қиды. Әрбір сыныпта орташа 15 оқушыдан келеді.

 

Похожие публикации:

06 март 2018 Мектеп
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив